
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен опера әншісі Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Әлібек Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Қаулыда:
«1.Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,-деп жазылған.