
29 шілде. Бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары үш спорт түрінен (бокс, теннис, садақ ату) күш сынасты. Назарларыңызға осы спорт түріндегі отандық атлеттердің нәтижесін ұсынамыз.
Бокс
75 килоға дейінгі салмақтың 1/8 кезеңінде Әбілхан Аманқұл өзбекстандық Фанат Кахрамоновты сенімді жеңсе, аса ауыр салмақта жарыс жолына шыққан Қамшыбек Қоңқабаев 1/8-де мысырлық Юсри Хафезді жарыс жолынан тыс қалдырды.
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалдағы тартысты матчта швейцариялық Белинда Бенчичке жол берді. 73 минутқа созылған алғашқы сет Белинданың пайдасына аяқталғанымен, Елена екінші сетте (6:4) таразы басын теңестірді. Алайда Белинда соңғы сетте жеңіске жетіп, ақтық сынға шықты. Енді Елена Рыбакина қола жүлде үшін ойында украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.
Садақ ату
жекелей сындағы соңғы спортшымы Ильфат Абдуллин 1/32 айналымда британиялық Джеймс Вудгэйтті 7:3, осыдан кейін 1/16-да нидерландтық Стив Виджлерді 6:4 есебімен жеңді.
Сонымен қатар бүгін Қазақстан делегациясының тағы бір тобы Алматыдан Токиоға жетті. Құрамада 44 адам бар, оның ішінде 23 спортшы, қалғаны жаттықтырушы, ғылыми топтың мамандары мен әкімшілік қызметкерлері. Спортшылар қатарында еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, көркем гимнастика, суда жүзу, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері бар.
Қазір Қазақстан жалпыкомандалық есепте 3 қола медальмен 55-орында тұр.