Ауыр салмақта жарыс жолына шыққан Қамшыбек Қоңқабаев 1/8-ші кезеңде мысырлық Юсри Хафезді сенімді ұтты.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Әлем чемпионатының екі дүркін күміс, Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері. Әскерилер арасында бокстан Әлем чемпионы.