
Санаулы сәттер бұрын Олимпиаданың жартылай финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичтен жеңіліп қалды.
Тартысты өткен, 73 минутқа созылған алғашқы сет Белинданың пайдасына аяқталған. Алайда Елена екінші сетте (6:4) таразы басын теңестірген. Ал үшінші сетте швециялық (6:3) басым түсті.
Матч екі сағат, 44 минутқа созылды. Қазылар төрайымы – швециялық Луиза Аземар Энгзелл (Louise Azemar Engzell).
Енді Елена Рыбакина қола жүлде үшін таласады.
Айта кетейік, 22 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалда испаниялық Гарбинье Мугуруса Бланкодан екі сетте (7:5, 6:1) басым түсті. Ал үшінші айналымда хорватиялық Донна Векичті (7:6 (7:3), 6:4), екінші айналымда швециялық Ребекка Петерсонды (6:2,6:3), алғашқы кезеңде австралиялық Саманта Стосурды екі сетте (6:4,6:2) ұтып, жарыс жолынан шығарған.
Ал Белинда Бенчич осыған дейін Ресей Олимпиада комитетінің өкілі Анастасия Павлюченкованы (ширек финал), жапониялық Мисаки Доиды (екінші айналым), америкалық Джессика Пегуланы (бірінші айналым) жеңген.