Ислам Бозбаев екінші айналымнан ары аса алмады

Ислам Бозбаев екінші айналымнан ары аса алмады

Бүгін Токио татамиіне соңғы дзюдошымыз шықты. 91 келіде ел намысын қорғайтын Ислам Бозбаев бірінші айналымда бразилиялық Рафаель Маседоны қарсылас санамады. Отандасымыз отызыншы секундта Рафаельді иппон әдісімен шаң қаптырды. Алайда екінші кезеңде әзірбайжандық Мамадәлі Мехдиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (golden score) дейін созылды.

Қосымша уақыттың алтыншы минутында әзірбайжандық «ваз-зари» ұпайымен Исламды жүлде жолынан ығыстырды.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов салған еді.