
Токиода садақ атудан жекелей сындағы бәсеке өтіп жатыр. Бірінші айналымда, яғни 1/32-де сынға түскен Санжар Мұсаев қытайлық Дапэн Ваннан ұтылып қалды. Қорытынды есеп 4:6.
Айта кетейік, бұл спорт түріндегі тағы бір отандасымыз Ильфат Абдуллин ертең бірінші айналымда ағылшын Джеймс Вудгейтпен күш сынасады. Ал Денис Ганькин кеше мысырлық Юссоф Толбаны 6:4 есебімен жеңгенімен екінші кезеңде италиялық Мауро Несполиге (6:2) жол берді.