Серік Теміржанов қарсыласына қауқар таныта алмады

Серік Теміржанов қарсыласына қауқар таныта алмады

57 килода Токиоға аттанған отандасымыз Серік Теміржанов екінші кездесінуде америкалық Герцог Рэганнан (0:5) ұтылып қалды.

Айта кетейік, Серік 1/32 кезеңде мажарстандық Роланд Галоспен жұдырықтасып, сенімді жеңіске жеткен еді. Серік Теміржанов 1998 жылы 24 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген.

Герцог Рэган 2017 жылғы Әлем чемпионаты мен 2019 жылғы Панамерика ойындарының күміс жүлдегері. Кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңген.