Василий Левит испаниялық боксшыдан жеңіліп қалды

Василий Левит испаниялық боксшыдан жеңіліп қалды

Биыл 91 килоға дейінгі салмақта екінші Олимпиадаға қатысып жатқан Василий Левит Токиодағы алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Эммануэль Рейеспен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. 

Тартысты ойын бірінші раунд 3:2 есебімен Эммануэль Рейестің пайдасына аяқталды. Ал екінші раундта испаниялық Левитті нокдаунға түсірді. Осыдан соң төреші кездесуді тоқтатты. 

Айта кетейік, Василий 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпия ойындарында осы салмақта күміс жүлдегер атанған.