Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыдан жеңіліп қалды

Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыдан жеңіліп қалды

Абылайхан Жүсіпов Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде 1/8 кезеңде америкалық Деланте Джонсонмен жұдырықтасып, жеңілді. Есеп 4:1. 

Енді келесі кезеңде Деланте кубалық Роньель Иглесиаспен кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, 69 келіде жүлдеге таласатын қазақ боксшысы Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Ал Деланте 2016 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы, 2019 жылғы Панамерика ойындарының қола жүлдегері.