Елена Рыбакина жеңіске жетті

Елена Рыбакина жеңіске жетті

«Ариакэ» кешенінде үлкен теннистен Олимпиаданың үшінші кезеңі өтіп жатыр. Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапынан жарысты жалғастырып жатқан жалғыз спортшымыз Елена Рыбакина хорватиялық Донна Векичпен ойнап, жеңіске жетті. Екі сетке созылған матчтың нәтижесі 7:6 6:4.

Айта кетейік, еліміздің бірінші ракеткасы алғашқы кезеңде австралиялық Саманта Стосурдан екі сетте (6:4,6:2) басым түскен. Ал кеше екінші кезеңде швециялық Ребекка Петерсонды да (6:2,6:3) сенімді жеңді.