Жансель Дениз ағылшын таеквондошысына жол берді

Жансель Дениз ағылшын таеквондошысына жол берді

Таеквондошы Жансель Дениз ширек финалда ағылшын Бьянка Уокденнен ұтылып қалды. Қорытынды есеп 7:17.

Айта кетейік, Жансель алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Светлана Осиповадан 10:9 есебімен басым түсті. Отандасымыз 67 килодан жоғары салмақта 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Рио Олимпиадасының қатысушысы. Ал Бьянка Уокден 2016 жылғы олимпия ойындарының қола жүлдегері.