
Токиода садақ атудан жекелей сындағы бәсеке өтіп жатыр. Бірінші айналымда, яғни 1/32-де Денис Ганькин мысырлық Юссоф Толбаны 6:4 есебімен жеңді. Ал екінші кезеңде италиялық Мауро Несполиге 6:2 есебімен жол берді.
Бұл бағдаламада Санжар Мұсаев ертең өнер көрсетеді. Ол алғашқы айналымда қытайлық Дапенг Ванмен күш сынасады. Ал Ильфат Абдуллин 29 шілдеде бірінші айналымда ағылшын Джеймс Вудгейтпен сынасады.