Жансель Дениз Олимпиаданы сәтті бастады

Жансель Дениз Олимпиаданы сәтті бастады

Таеквондошы Жансель Дениз олимпия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Светлана Осиповадан басым түсті. 1/8-дегі тартысты сайыстың есебі 10:9. Енді отандасымыз ширек финалда ағылшын Бьянка Уокденмен кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Жансель 67 килодан жоғары салмақта 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Рио Олимпиадасының қатысушысы. Ал Бьянка Уокден 2016 жылғы олимпия ойындарының қола жүлдегері.