
Бүгін Токио Олимпиадасында алғаш рет рингке шыққан Сәкен Бибосынов пуэрто-рикалық Янкиэль Ривера Фигероаны жеңіп (4:1) 1/8-ге жолдама алды.
Айта кетейік, 52 килода өнер көрсететін Сәкен 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.