
Бүгін Токио татамиіне шыққан тағы бір отандасымыз Жансай Смағұлов бәсекені үшінші кезеңнен аяқтады.
73 килода ел намысын қорғайтын Жансай Смағұлов екінші айналымда армениялық Фердинанд Карапетянды қосымша уақытта ваз-ари ұпайымен жеңген еді. Алайда келесі қарсыласы канадалық Артур Маргелидоннан қосымша уақытта дәл осы ваз-ари ұпайымен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, осыған дейін дзюдодан Елдос Сметов (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 кг) өнер көрсетті. Алғашқысы құрама қоржынына бірінші жүлдені (қола) салса, кейінгісі екінші айналымда қарсыласқа жол берді.