
Бүгін Токио Олимпиадасында ерлер арасында ауыр атлетикадан жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
61 килода төрт жылдықтың басты додасына аттанған Игорь Сон 294 келіні еңсеріп, қола медаль алды. Әуелі жұлқа көтеудегі алғашқы мүмкіндігінде 126, екінші мүмкіндігінде 131 килоны сәтті көтергенімен, 134 келі тартатын зілтемірді ырқына көндіре алмады. Бұл жаттығудағы көрсеткіші – 131 кг.
Ал серпе көтеру жаттығуында алғашқы ұмтылысы сәтті болғанымен (160 кг), кейін 162 келіні еңсере алған жоқ. Алайда соңғы мүмкіндігінде 163 килограмды басынан асыра көтерді. Бұл жаттығудағы көрсеткіші – 163 кг.
Алтын жалпы 313 келіні бағындырған қытайлық Фабин Лиге бұйырса, индонезиялық Юли Ираван күміс жүлдегер (302 кг) атанды.