Нысана көздеу: Юрий Юрков іріктеу кезеңінен ары аса алмады

Нысана көздеу: Юрий Юрков іріктеу кезеңінен ары аса алмады

Санаулы сәттер бұрын «Асака» кешенінде 10 метрден пневматикалық мылтықтан нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті.

Жарыс жолына шыққан қазақстандық Юрий Юрков 47 спортшының ішінен 621,9 ұпай жинап, 36-орын алды. Өкінішке қарай Юрий ақтық сынға өте алмады. Енді жүлде үшін үздік сезіндікке енген мергендер таласады.

Қытайлық Хаоран Ян бірінші (632,5), америкалық Лукас Козенецкий (631), Уильям Шейнер (630) үштікті түйіндеді.