
Бүгін шпагамен семсерлесуде ел намысын қорғайтын Руслан Құрбанов 1/16-шы кезеңде жапониялық Масару Ямададан жеңіліп қалды. Үш кезеңге созылған бәсекенің есебі 8:15.
Бірінші кезең (1:2), екінші кезең (2:7), үшінші кезең (8:15).
Айта кетейік, алғашқы айналымда Руслан италиялық Марко Фичераны жеңсе (15:7), жапониялық Масару Ямада қырғыз елінің өкілі Роман Петровтан басым (15:12) түскен еді.
Біздің анықтама:
Руслан Құрбанов 1991 жылы 17 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Венгрия астанасы Будапеште өткен Әлем чемпионатында 8-орын алып, жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен. Ал 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында 7-сатыға жайғасқан.