Токио Олимпиадасы: нысана көздеушілер келесі кезеңге өте алмады

Токио Олимпиадасы: нысана көздеушілер келесі кезеңге өте алмады

Бүгін «Асака» кешенінде нысана көздеудің скит бағдарламасында әйелдер арасындағы іріктеудің алғашқы күні өтті. Жарыс жолына шыққан 28 спортшының арасында отандастарымыз Әсем Орынбай мен Зоя Кравченко да бар.

Әсем Орынбай 69 ұпай жинап, 19-орын алса, Зоя Кравченко 68 ұпаймен 22-сатыға жайғасты.

Жалпы есепте 75 ұпай жинаған италиялық Диана Бакози топ жарса, қытайлық Мэн Вэй – екінші (75 ұпай), америкалық Остин Джуэлл Смит – үшінші (73), Ресей Олимпиада комитетінің атынан сынға түскен Наталья Виноградова – төртінші (73), тайландтық Исарапа Импрасерцук – бесінші (72), франциялық Люси Анастассиу – алтыншы орыннан көрінді. Іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен 6 спортшы финалға жолдама алды.