Бүгін шпагамен семсерлесуде өнер көрсететін Руслан Құрбанов алғашқы айналымда жеңіске жетіп, 1/16-шы кезеңге жолдама алды. Италиялық Марко Фичерамен болған тартысты сайыста отандасымыз басым түсті. Қорытынды есеп 15:7.
Русланның қарсыласы жапониялық Масару Ямада мен қырғыз Роман Петров арасындағы жеңімаз атанады.
Біздің анықтама:
Руслан Құрбанов 1991 жылы 17 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Венгрия астанасы Будапеште өткен Әлем чемпионатында 8-орын алып, жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен. Ал 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында 7-сатыға жайғасқан.