
Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен Ерлан Серікжанов 1/8-де италиялық Мануэль Ломбардомен күш сынасып, Апенин түбегінің өкіліне жол берді.
Кездесудің тағдырын жалғыз ваза-ари ұпайы шешті.
Айта кетейік, Ерлан алғашқы кезеңде әзірбайжандық Орхан Сафаровты тізе бүктірген еді. Ал биыл Еуропа чемпионатында топ жарған италиялық Олимпиаданы екінші кезеңнен бастап отыр.