Юлия Путинцева жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады

Юлия Путинцева жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады

Токиодағы «Ариакэ» теннис саябағында үлкен теннистен Олимпиада бәсекесі жалғасып жатыр.

Юлия Путинцева мен аргентиналық Надя Подороська арасындағы ойында отандасымыз жарақат алып ойынды жалғастыра алмады. Бірінші сетте аргентиналық (7:6) басым түскен еді. Алайда екінші сетте Юлия Путинцева есепте алда келе жатқан (3:1). Бір жарым сағатқа созылған ойын біз үшін күтпеген жерден сәтсіз аяқталып, тағы бір теннисшіміз Олимпиада бәсекесінен шет қалды.