
Бүгін Токио татамиіне тағы бір отандасымыз шықты. 66 келі салмақта өнер көрсететін Ерлан Серікжанов әзірбайжандық Орхан Сафаровтан мықты екенін паш етті. Негізгі уақытта бір-бірін ала алмаған дзюдошылар қосымша уаықтта да 5 минутқа жуық күресті. 2019 жылғы Азия чемпионы Ерлан Серікжанов әдіс жасап (ваза-ари), жеңісті жұлып алды. Енді қазақ дзюдошысы 1/8-де италиялық Мануэль Ломбардомен күш сынасады.
Біздің анықтама:
Ерлан Серікжанов 1995 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2018), Азия чемпионы (2019).