Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Бүгін Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені қосымша уақытта жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

60 келіде сынға түсетін отандасымыз Олимпиаданы екінші кезеңнен бастады. Әуелі түркиялық Михрак Аққұсты, ал ширек финалда оңтүстік кореялық Ким Вон Джинді (иппон әдісімен) таза жеңді. Ал жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы жапониялық дзюдошы Наохиса Такатоға жол берді.