Елдос Сметов екі дүркін әлем чемпионына жол берді

Елдос Сметов екі дүркін әлем чемпионына жол берді

Дәл қазір Токиодағы «Ниппон Будокан» аренада Елдос Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы жапониялық дзюдошы Наохиса Такатоға жол берді. Енді отандасымыз қола жүлде үшін таласады. 

Финляндиялық бас төреші Вели-Матти Каринканта 22 секундта екі дзюдошыға ескерту (шидо) жасады. 

Тартысты өткен белдесудің негізгі уақытында екі мықты бір-біріне дес берген жоқ. Жолдама тағдыры қосымша уақытта (golden score) шешілді. Жапониялық татами шебері ширақ қимылдап, жеңіске жетті. 

60 кило салмақта ақтық сынға шыққан екінші дзюдошы енді анықталады. Бұл үшін франциялық Лука Мхеидзе мен тайбэйлік Ян Юнг Вэй күш сынасады.

Айта кетейік, Олимпиаданы екінші кезеңнен бастаған Елдос Сметов әуелі түркиялық Михрак Аққұсты, ал ширек финалда оңтүстік кореялық Ким Вон Джинді (иппон әдісімен) таза жеңді. Наохиса 1/16-да бельгиялық Жорре Верстраэтенді сенімді ұтса, ширек финалда грузиялық Лухуми Чхвимианиді голдан скорда әзер жеңген еді.

Біздің анықтама:

Елдос Сметов 2016 жылғы Олимпиадада дәл осы салмақта күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар Елдос Әлем чемпионы (2015), Азия ойындары мен чемпионатының жеңімпазы. Ал Наохиса Такато Бразилияда өткен төрт жылдықтың басты бәсекесінде қоланы қанағат тұтқан-ды.