Елдос Сметов жартылай финалға шықты

Елдос Сметов жартылай финалға шықты

Токио Олимпиадасының ширек финалында Елдос Сметов оңтүстік кореялық Ким Вон Джинмен белдесіп, жеңіске жетті.

Елдос екінші белдесуде қарсыласын иппон әдісімен тізе бүктірді. Енді ол жартылай финалда жапониялық Наохиса Такатомен финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. 

Айта кетейік, алдыңғы жекпе-жекте отандасымыз түркиялық Михрак Аққұсты таза жеңген еді.

Біздің анықтама:

Елдос Сметов 2016 жылғы Олимпиадада дәл осы салмақта күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар Елдос Әлем чемпионы (2015), Азия ойындары мен чемпионатының жеңімпазы.