
Бүгін Токио Олимпиадасында дзюдошылар бәсекесі басталды. 60 килода ел намысын қорғайтын Елдос Сметов 1/16-да түркиялық Михрак Аққұспен кездесіп, жеңіске жетті.
«Ниппон Будокан» аренаның татамиінде отандасымыз қарсыласын таза жеңді. Елдостың ширек финалдағы қарсыласы енді белгілі болады.
Біздің анықтама:
Елдос Сметов 2016 жылғы Олимпиадада дәл осы салмақта күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар Елдос Әлем чемпионы (2015), Азия ойындары мен чемпионатының жеңімпазы.