Серік Теміржанов қарсыласын жеңді

Серік Теміржанов қарсыласын жеңді

Дәл қазір Токиодағы Рёгоку Кокугикан спорт сарайында боксшылар кім мықтыны анықтап жатыр.  57 килода жарыс жолына шыққан отандасымыз Серік Теміржанов 1/32 кезеңде мажарстандық Роланд Галоспен жұдырықтасып, сенімді жеңіске жетті. Серік қарсыласын бірінші және екінші раундта нокдануға түсірді. 

Біздің анықтама: Серік Теміржанов 1998 жылы 24 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген.