
Дзюдодан әйелдер арасындағы жалғыз жолдаманың иегері, 48 килода белдесетін отандасымыз Отгонцэцэг Галдбадрах бірінші айналымда қытайлық Ли Яньаньнен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Отгонцэцэг осыдан бес жыл бұрын Рио-де-Жанейрода өткен олимпия ойындарының қола жүлдегері. Сонымен қатар Азия чемпионы және Әлем чемпионатында екі рет қола медаль алған.