
Бүгін Токио Олимпиадасында академиялық есуден іріктеу бәсекесі басталды. Жарыс жолына алғашқы болып шыққан қазақстандық Владислав Яковлев жекелей сындағы іріктеудің бірінші айналымында үшінші орынға тұрақтады. Уақыт көрсеткіші - 7:10.08. Енді Владислав 30 шілдеде ширек финалда өнер көрсетеді.