
Бүгін Токио Олимпиадасында өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлеттердің қарсыласы белгілі болды. Олимпия ойындарына еліміздің атынан Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло аттанды.
Ерлер, 61 кило:
- Юли Ираван (Индонезия);
- Абдурахим Алсалим (Сауд Арабиясы);
- Игорь Сон (Қазақстан);
- Ким Туан Тач (Вьетнам);
- Шота Мишвелидзе (Грузия);
- Еичи Итоказу (Жапония);
- Фабин Ли (Қытай);
- Чан-Хун Као (Тайбэй);
- Давиде Рую (Италия).
Әйелдер, 55 кило:
- Кристина Шерметова (Түркменстан);
- Габриэлла Лопес (Мексика);
- Эунжи Хам (Оңтүстік Корея);
- Хидилин Диас (Филиппин);
- Муаттар Набиева (Өзбекстан);
- Ляо Цююнь (Қытай);
- Нуха Ландулси (Тунис);
- Зульфия Чиншанло (Қазақстан);
- Камила Конотоп (Украина).
Ауыр атлеттер додасы 1996 жылы пайдалануға берілген Токио Халықаралық форумы конгресс-орталығында өтеді. Сыйымдылығы - 5012 адам. Игорь Сон 25 шілде, Зүлфия 26 шілдеде жүлдеге таласады.