
Бүгін Токио Олимпиадасындағы боксшылардың жеребесі тартылып, былғары қолғап шеберлеріміздің қарсыласы анықталды. Токиода Ғалымбек Кенжебаев шәкірттері 9 салмақта (сегіз - ер, бір - әйелдер арасында) жүлдеге таласады.
Назарларыңызға боксшыларымыздың алғашқы қарсыласын ұсынамыз:
52 кило – Сәкен Бибосынов – Янкиель Ривера (Пуэрто Рико), 1/16 финал, 26 шілде.
57 кило – Серік Теміржанов – Роланд Галос (Венгрия), 1/16 финал, 24 шілде.
63 кило – Зәкір Сафиуллин – Леодан Пезо (Перу), 1/16 финал, 25 шілде
69 кило – Абылайхан Жүсіпов – қарсыласы кейін анықталады, 1/16 финал, 24 шілде.
75 кило – Әбілхан Аманқұл – қарсыласы кейін анықталады, 1/16 финал, 26 шілде.
81 кило – Бекзат Нұрдәулетов – қарсыласы кейін анықталады, 1/16 финал, 25 шілде.
91 кило – Василий Левит – Эммануель Рейес (Испания), 1/16 финал, 24 шілде.
+91 кило – Қамшыбек Қоңқабаев – Есри Рез Мұстафа (Египет), 1/16 финал, 24 шілде.
+75 кило – Надежда Рябец – Тамара Тибелт (Канада).
Бұл Олимпиаданың бокс бәсекесін Рёгоку Кокугикан спорт аренасы қабылдайды. Негізі сумо спортына арналған нысан Токио қаласының Сумида ауданы Ёкоами кварталында орналасқан. Сыйымдылығы - 11 100 адам.