Ринат Жұмабаев Фабиано Каруананы жеңді

Ринат Жұмабаев Фабиано Каруананы жеңді

Сочиде FIDE-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Әлем кубогінің үшінші айналымында Ринат Жұмабаев әлемнің вице-чемпионы, америкалық гроссмейстер Фабиано Каруананы жеңіп, сенсация жасады.

Шахматтан Қазақстан құрамасының ойыншысы, халықаралық гроссмейстер қарсыласынан 1,5:0,5 есебімен басым түсті. Келесі кезеңде отандасымыз америкалық гроссмейстер Сэм Шенкленд пен украиналық Александр Арещенко жұбының жеңімпазымен ойнайды.