
15 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында белгілі археолог, ғалым Марал Хабдулинаның 70 жылдық мерейтойына арналған «Археолог және музей: мәңгілік диалог» атты дөңгелек үстел өтеді.
Марал Қалымжанқызы – ғылымға 40 жылдан астам уақытын арнаған және бүгінде өңірдегі археологиялық зерттеулердің басы-қасында жүрген, Сарыарқа мен солтүстік өңірлерді зерттеумен айналысатын кәсіби археологтың бірі.
Дөңгелек үстелде Сарыарқа археологиясының өзекті мәселелері, Қазақстанның археологиялық мұрасының тарихи-мәдени және білім беру әлеуетін дамыту әдістері талқыланады. Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, тарихшылар, археологтар мен этнологтар, музей қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары (офлайн режимде 30 адамнан артық емес) қатысады.
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және көпшілікке таныту мақсатында еліміздің жетекші ғалымдарымен, археологтарымен жұйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Барлық қатысушы үшін ZOOM интернет-платформасы арқылы қатысуға мүмкіндік беріледі.
Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54. Басталуы: сағат 14:00.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7(7172)999-062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru