«Адалдық алаңы» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған

«Адалдық алаңы» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған

Бүгін ҚР МСМ «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей –қорығы» РМҚК–де мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Камзолдаевтың қатысуымен кеңес өтті.

Аталған кеңестің мақсаты- «Ботай» музей-қорығының ұжымын «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен, оның мақсаттары, міндеттерін таныстыру, парасаттылық, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды автоматтандыру және оңтайландыру.

Марат Болысбекұлы мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі түрлерін, оның жұмысы мен оған қарсы іс-қимыл механизмдерін атап өтті. М.Б Камзолдаев биылғы жылы жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстық істер және олардың жазалау шаралары бойынша бірнеше мысалдар келтірді.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының кейбір баптары бойынша түсініктемелер беріліп, осы Заңға енгізілген түзетулерге назар аударылды.

««Адалдық алаңы» жобасы сыбайлас жемқорлық таралған әлеуметтік маңызды салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған», – деді Марат Болысбекұлы.