
18 маусымда Щучинск қаласында Ұлттық шаңғы орталығында «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлерінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Б.М. Камзолдаевтың қатысуымен мәжіліс өтті.
Марат Болысбекұлы жемқорлық туралы, оның түрлері мен пайда болу механизмдері жөнінде әңгімеледі. Ол ағымдағы жылы жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен жазалар туралы мысалдар келтірді. Сонымен қатар ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына түсініктемелер беріп, аталған Заңға енгізілген өзгертулерге тоқталды.
- Сыбайлас жемқорлық, жалпы алғанда, барлық жерде бар. Ең бастысы, онымен уақытында күресіп және оған жол бермеу керекпіз, - деп қорытындылады Марат Қамзолдаев.
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басты мақсаты – адалдық, тәртіп, әділеттілік қағидаларын қалыптастыру және қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын насихаттау.