Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Атырау облысына іссапары кезінде ортағасырлық Сарайшық қаласына арнайы келіп, ата тарихымызға тағзым жасады.

Музей-қорықты аралау барысында Дариға Нұрсұлтанқызы ортағасырлық қала макетіне ерекше назар аударып, болашақта туризмді дамыту үшін ортағасырлық қаланың бейнесін қалпына келтіру маңызды екенін атап өтті.