Министр Дахлан әл-Хамадты Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінің жұмысымен таныстырды

Министр Дахлан әл-Хамадты Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінің жұмысымен таныстырды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына Азия жеңіл атлетика Ассоциациясының Президенті Генерал Дахлан әл-Хамад келді. Іс-сапар аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Даниал Ахметов Дахлан әл-Хамадпен бірге Qazaqstan жеңіл атлетика кешеніне барды.

Айта кетейік, келер жылы 11-13 ақпан аралығында жаңа нысанда жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Азия чемпионаты өтеді.

Ассоциация Президенті Qazaqstan кешенін жоғары бағалап, құрлық бәсекесін тиісті деңгейде өткізетінімізге сенім білдірді.

Осыдан кейін Дахлан әл-Хамад ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездесіп, қазақстандық спортшылардың чемпионатқа дайындығы жайлы әңгімелесті.