«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті

8 маусымда ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ҚР МСМ «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаевпен және Ерқожа Тілепбердиевпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті.

Марат Болысбекұлы сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар туындауының алдын алу мәселесі бойынша сөз сөйледі. ҚР МСМ «Адалдық алаңы» жетекшісі музей-қорық қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер туралы хабардар етті. Ол кездесулер басшылық пен қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы ұсыныстармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністеріне жол бермеу жөніндегі шараларды түсіндіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіруге бағытталғанын атап өтті.

Ерқожа Тілепбердиев отбасынан бастап, корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері үш ғылыми грант бойынша оң қорытынды алған қуанышты оқиғамен бөлісті. Жобаны табысты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі арасында меморандумдар жасалды.

Тарихи кешендерді реконструкциялау және қалпына келтіру бойынша барлық құрылыс жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі орындайды.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Қ. Ақышев атындағы археология ҒЗИ ғылыми құрамдас бөлігі болып қала береді.

«Бозоқ» музей-қорығының міндеті-тарихтағы ең көне ескерткіштердің бірі-Бозоқ қалашығын зерттеу, зерделеу жұмыстарын жалғастыру.