Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Франциядағы VATEL қонақ үй-туристік бизнес мектебінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Франциядағы VATEL қонақ үй-туристік бизнес мектебінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Франциядағы VATEL қонақ үй-туристік бизнес мектебінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шара онлайн форматта өтті. Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан тарапынан Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков және басқарма төрағасы-ректор Майнюра Мырзамадиева, Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев, Франция тарапынан VATEL компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Ален Себбан мен халықаралық даму жөніндегі директор Алин Ренард-Ванг, Франция елшілігінің өкілі Оливье Бюшбиндер қатысты.

Екі тарап қазақ-француз қатынастарының барлық спектрі бойынша және атап айтқанда туристік саладағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін осы меморандумның маңыздылығын талқылады.

Айта кету керек, алдағы уақытта меморандум негізінде қазақстандық студенттер тәжірибе алмасып, Францияда шеберліктерін шыңдап, біліктілік жетілдіре алады.