
Бүгін Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайтын теннисшілер анықталды.
Дүниежүзілік рейтингке сәйкес, Жапония астанасына ерлерден Александр Бублик, ал әйелдерден Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аттанады. Айта кетейік, Ярослава осымен үшінші Олимпиадаға қатысады.
Іріктеу ережесіне сәйкес, жекелей сында олимпия ойындарына әр елден ерлер мен әйелдерден төрт үздік теннисші қатыса алады. Ол үшін ойыншы ATP және WTA рейтингінде 14 маусымдағы есеп бойынша үздік 56 теннисшінің қатарында болуы керек. Сонымен қатар Дэвис кубогы мен Федерация кубогында сол елдің атынан өнер көрсеткен болуға тиіс.
Аталған спортшылар арасында ең жоғары орында Елена Рыбакина тұр. Ертең 23-ке толатын Елена жуырда WTA рейтингінде 21-орынға көтерілді.