
2021 жылдың 08 маусымында Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның шет мемлекеттермен әуе қатынасын ұлғайту туралы шешім қабылдады.
Жоғарыда көрсетілген шешімге сәйкес Тәжікстан, Украина және Түркияға келесі бағыттар бойынша рейстер саны ұлғайтылды:
- Тәжікстанмен рейстерді әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін арттыру;
- Украинамен рейстерді Қазақстан Республикасы үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін және Украина үшін аптасына 2-ден 4 рейске дейін ұлғайту;
- Түркиямен туристік бағыттар бойынша рейстерді (оның ішінде Анталья, Бодрум) әр тараптан аптасына 9-дан 17 рейске дейін арттыру;
– Ақтау-Стамбұл бағыты бойынша Түркиямен аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты рейстерді қайта бастау.
Түркия Республикасының туристік аймақтарына рейстерді қайта бастау Қазақстанның туроператорларына коронавирус инфекциясы пандемиясынан туындаған 2020 жылы өтпеген турлар проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Түркияның туристік аймақтарында туристердің демалысын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын адамдарды жаппай вакцинациялау жүргізіледі. Туроператорлар қауіпсіз саяхат үшін барлық қажетті санитарлық нормалардың сақталуына кепілдік береді.
Сондай – ақ, ведомствоаралық комиссия 10 маусымнан бастап аптасына 1 рейс жиілігімен Варшава – Нұр- Сұлтан – Варшава рейсін іске қосуға рұқсат бергенін хабарлаймыз.
Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.
Барлық рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялар сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.