Токио Олимпиадасы: еркін күрестен ел құрамасы белгілі болды

Токио Олимпиадасы: еркін күрестен ел құрамасы белгілі болды

Еркін күрестен Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайтын палуандар тізімі белгілі болды.

Олар: 57 келіде – Нұрислам Санаев, 65 келіде – Дәулет Ниязбеков, 74 келіде – Данияр Қайсанов, 97 келіде – Әлішер Ерғали, 125 келіде – Юсуп Батырмұрзаев.

Айта кетейік, отандық еркін күрес шеберлері еншісінде 6 салмақтың бесеуінде Олимпиадаға жолдамасы бар. Әсет Серікбаев баптайтын спортшыларымыз 1-ші және 7-ші тамыз аралығында боз кілемде бақ сынайды.