Туристік қызмет туралы заңнамаға қабылданған өзгерістерге арналған брифинг өтті

Туристік қызмет туралы заңнамаға қабылданған өзгерістерге арналған брифинг өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ержан Еркінбаев және Қазақстан туроператорлар қауымдастығының басшысы Инна Рейдің қатысуымен «Туристік қызмет туралы заңнамаға қабылданған өзгерістер туралы» тақырыбында брифинг өтті.

Биыл 30 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңда 20 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар тәуелді 30-дан астам актіге өзгерістер енгізу және жаңасын әзірлеу көзделген.

Заңда сырттан келушілер туризмін, инвестицияларды ынталандыруға, туристік инфрақұрылымды жақсартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған саланы мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шаралары көзделген.

Бұл туроператорларды әрбір шетелдік турист үшін субсидиялау, туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде тау шаңғысы базалары мен туравтобустарға арналған жабдықтарды сатып алуға инвесторлардың шығындарын өтеу, сондай-ақ турдестинацияларда санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауды субсидиялау сынды шаралар.

Бүгінгі таңда қазақстандық туроператорлардың жұмысы көшпелі туризмге бағытталған. Енді туроператорлардың келу туризмі бойынша жұмысын ынталандыру үшін халықаралық тәжірибе негізінде әрбір шетелдік турист үшін туроператорларды 15 000 теңге мөлшерінде субсидиялау енгізілуде.

Қазақстанда отбасылық демалысты ынталандыру мақсатында шаралардың бірі ішкі авиамаршруттар бойынша балалар үшін тасымалдау ақысын өтеу (KIDS GO FREE механизмі). Kazakh Tourism ҰК АҚ - KIDS GO FREE бағдарламасының операторы.

Бағдарламаға сәйкес, екі жастан 14 жасқа дейінгі қазақстандықтарға топ-10 басым туристік аумақ бағыты бойынша тегін авиабилеттер беріледі. Бағдарламаның мақсаты - қазақстандықтарды еліміздің туристік бағыттарында бүкіл отбасымен демалуға ынталандыру.

Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының басшысы Инна Рейдің айтуынша туризм көптеген елде экономиканың драйверіне айналды.

«Туризм нарығы мемлекеттің мұндай қолдауын көптен күтті. KIDS GO FREE жүйесі азаматтардың ел ішінде саяхаттауға деген қызығушылығын оятады. Бұл жерде туроператорлардың турларды ілгерілетуге қатысуын қолдау өте маңызды».

Шетелдік туристер үшін көші-қон режимін барынша жеңілдету үшін Қазақстанда қонақ үйлерге орналасу кезінде алынған мәліметтерді ҰҚК Бүркіт жүйесімен және ІІМ визалық-көші-қон порталымен автоматты режимде біріктіруге мүмкіндік беретін Е-конак жүйесі әзірленді. Жүйе қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы, СҚО және Ақмола облысындағы 323 қонақ үйде енгізілген. Жыл соңына дейін еліміздің басқа да туристік аймақтарын қамтып, Е-qonaq жүйесі бар қонақ үйлер санын 600-ге дейін жеткізу жоспарланған.

Kazakh Tourism басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев өз сөзінде Қазақстандағы туристік қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізу аясында отандық турларды сату үшін онлайн платформаны іске қосу жоспарланғанын атап өтті. Бұл туроператорлардың ең жақсы ұсыныстары жиналатын витрина, ал сатып алу процесі бәріне таныс және ыңғайлы қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Жоба жаздың ортасында басталады.

Қазақстандағы гидтердің жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда гидтер тек хабарлама тәртібінде жұмыс істейді, қолданыстағы тізілім гидтің білімі, оның туристермен қарым-қатынасының тарихы туралы ақпарат бермейді. Осыған байланысты құзыреттілік бойынша көптеген сұрақ туындайды. Сондай-ақ, ел аумағында шетелдік азаматтардың гид қызметін көрсету фактілері бар. Бұл заңсыз қызмет. Осындай мәселелерді шешу үшін Kazakh Tourism онлайн жүйені енгізуді ұсынады. Онда гидтер өз білімдерін мерзімді негізде растайтын, туристер үшін қажетті ақпараттың мазмұны бар. Мысалы, тілдерді меңгергені туралы, дайындық деңгейі туралы, туристердің пікірлері туралы және т.б. жеке парақшаға ие болады. Гидтерді ыңғайлы сәйкестендіру үшін әрқайсысының өзіндік бірегей QR коды болады, ол гидтің профиліне апарады.

Мұндай жаңалықтарды енгізу туристік қызметтер нарығын Қазақстанда барынша ашық ететініне, Kazakh Tourism ҰК АҚ-да сенімді.