
Белгілі журналист Бақытжан Омаров ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі болып тағайындалды.
Бұған дейін Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет істеген Бақытжан Омаров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын бітірген.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының аударма және тілшілер бөлімдерінде жемісті еңбек еткен. 2012-2016 жылдарда корпорацияның Түркиядағы меншікті тілшісі қызметін атқарып, бауырлас елдің жаңалықтарын жеткізіп тұрды. Құрлықтар құлақ түрген оқиғалардың ортасында жүрді. Кейін «Хабар-24» арнасының бас редакторы болды.
Б.Омаров – Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының және ТҮРКСОЙ халықаралық сыйлығының лауреаты.