
«Music Box» халықаралық онлайн байқауында 100-ден 98 ұпай жинаған Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті І орын иегері атанды.
«Music Box»– бұл аспаптық орындаушылардың халықаралық онлайн байқауы. Штаб-пәтері Англияда орналасқан байқау Talented Royals International — таланттарды табу әрі дамыту мақсатында құрылған Британдық ассоциацияның және Academy of Children’s Music — Лондон өнер және музыка мектебінің қолдауымен 14 мамыр мен 11 маусым аралығында өтті.
Құрамында Испания, Франция, Италия, Қытай, АҚШ және басқа да елдерден әлемге танымал хореографтар, вокалистер, дирижерлар, музыканттар, продюсерлер, музыкалық сыншылар бар қазылар алқасы фортепиано, ішекті-шертпелі, ұлттық аспаптар, аккордеон мен баян, үрмелі аспаптар, ұрмалы аспаптар, ансамбльдер, камералық оркестрлер номинациялары бойынша үздіктерді таңдады.
Біздің анықтама: Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті 1997 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Моцарт атындағы Еуропалық музыка академиясының түлегі, профессор Жанат Ермановтың жетекшілігімен құрылған. Бұл ұжым Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына 2004 жылы кірген. Квинтет концерттерінде Қазақстан композиторларының және әлемдік классикалық музыканың танымал авторларының үздік туындыларын тыңдауға болады.