«Кітап өнері» байқауының қорытынды жиналысы өтіп жатыр

«Кітап өнері» байқауының қорытынды жиналысы өтіп жатыр

Бүгін онлайн форматта ТМД мемлекеттері арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін XIII «Кітап өнері» байқауының қорытынды жиналысы басталды.

Жиынға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғыз, Тәжікстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кітаптары ұсынылған.

Айта кетейік, биыл байқауға Қазақстан Республикасы байқауға төрағалық етеді. Төраға міндетін Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов атқарады. Байқаудың қорытындысы ертең белгілі болады.