
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Кербұлақ ауданындағы Арқарлытас шатқалында еліміздің археология институтының бір топ ғалымдарымен, Александр Горячев, Саид Ғалымжанов, Ольга Гумирова сынды еріктілермен және аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаевпен кеңес өткізіп, алдағы жұмыс жоспарын талқылады.
Кездесуге қатысушылар шатқалды аралап, кейінгі кезде әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында талқыға түскен петроглифтердің қазіргі жай-күйін өз көзімен көрді. Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та 5 жыл бұрынғы әуесқой еріктілер тобының үйлестірушісі Ольга Гумированың «Охотники за петроглифами» жазбасын пайдаланып, Арқарлытас шатқалы мәселесін көтерген еді.
«Уәкілетті орган ретінде біз заң нормаларының орындалуын қадағалауға міндеттіміз. Археология институтының ғалымдары Алматы облысы мен Қазақстан петроглифтерін сақтауды зерттеуге бағытталған тарихи-мәдени ғылыми жоба бойынша Министрлікпен ынтымақтасуға ниет білдірді. Ольга Гумированың және басқа да белсенділердің немқұрайлы қарамауының және волонтерлік қызметінің арқасында біз жұртшылықпен бірлесіп петроглифтерді тарихи-мәдени мұраға залал келтірудің алдын ала отырып, бұзылудан сақтаймыз», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаевтың ақпаратына сәйкес, 2006 және 2012 жылы екі жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тас өндіру үшін жер телімдері берілген. Жұмыс 2017 жылға дейін жүргізіліпті. Бүгінгі таңда бұл жердің петроглифтері тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала тізіміне енгізілген. Объектілер тізілімі бұрынғысынша толықтырылып отырады.
Кербұлақ ауданының әкімінің айтуынша, қазір аталған учаскелерді мемлекет мұқтажы үшін қайтару мәселесі пысықталуда және құқық иелерінің қарсылығы жоқ.
Сараптама жүргізу үшін Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бір топ ғалымдары тартылды. Нәтижесінде, қосымша жаңа археологиялық ескерткіштер анықталды. Қазіргі уақытта паспорттау және қорғау аймақтарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім берілді. Бұдан әрі, паспорттау аяқталғаннан кейін қорғау аймақтарын бекіте отырып, Арқарлытас аумағында орналасқан ескерткіштерді қоршау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Ал жердің мемлекет меншігіне өтуі үшін алдын ала рәсімдер, есепке алу және картографиялау қажет. Кеңес барысында Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, Қаратау отрядының бастығы Александр Горячев мұнда қола дәуіріндегі металлургиялық орталықтардың бар екендігі жайлы болжамын айтты. Мұны ежелгі қазбалардың, петроглифтері, қоныстары мен қорымдары бар қола дәуірінің кешені көрсетеді. Онда 3,5-4 мың жыл және олар бойынша тиісті археологиялық зерттеулер қажет болатын бірнеше ондаған жерлеу орындары бар.
Кездесуге қатысушылар петроглифтер бойынша энциклопедия шығару туралы мәселені көтеруді ұсынды. Ақтоты Райымқұлованың пікірінше, біз үлкен халықаралық, тек археологиялық тарихи-мәдени жобаның алдында тұрмыз, өйткені петроглифтер тек бізде ғана емес, Қытайда, Моңғолияда, Алтай өңірінде де бар. Петроглифтердің ғалым–археологтарының ақпараты бойынша әлемде петроглифтердің ең көп таралғаны - Алматы облысы. Жаңа қосымша зерттеулер бойынша тек Ешкіөлмес қаласында 15 мыңға жуық сурет бар. Тас плиталарын ежелгі адамдар көптеген ұрпақтар үшін қолданған, кейбір суреттер басқаларына қолданылған. Ғарыштық зерттеулер институтының жаңа технологиялары мен аппаратураларының пайда болуымен осы петроглифтердің қашан, қай дәуірде жасалғанын анықтау мүмкіндігі пайда болды.
Кеңес қорытындысы бойынша жұртшылықпен бірлесіп осы учаскені тұрақты бақылау, археологиялық объектілерді сақтауға, ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және кейіннен туристердің келуі үшін тиісті жағдайлар жасауға бағытталған шаралар қабылдау туралы шешім әзірленді.