Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне берсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин