Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан үлкен теннистен «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалынан ары аса алмады. Отандасымыз турнирдің 31-ші ракеткасы ресейлік Анастасия Павлюченковадан (7:6, 2:6, 7:9) жеңілді.  

Филипп Шатрие атындағы кортта өткен ойын екі сағат отыз үш минутқа созылды.

Десе де, турнирдің 21-ракеткасы саналған Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының ширек финалында өнер көрсететін тұңғыш қазақстандық теннисші. Айта кетейік, Елена төртінші айналымда даңқты америкалық теннисші Серена Уильямстан басым (6:3, 7:5) түскен еді.